oC

 

№ 13 Дарын мектеп лицейінде 5-қыркүйек –Қазақстан халқы тілдері күні аясында –жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Диктанттың мақсаты - Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
Жалпықазақстандық ашық диктантты жазуға мектебіміздің оқушылар мен мектеп ұстаздары, қызметкерлері қатысты.

whatsapp-image-2024-10-27-at-16_53_16-1

 

2024 жылдың 01 қазан күні 5-6 сынып оқушыларына  арналған математика пәнінен мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасы болып өтті. Олимпиада 1 сағатқа созылды, яғни сағат 09:00-10:00 аралығын қамтыды.  Олимпиадаға барлығы 29 оқушы қатысты, оның ішінде 5-сынып -15 оқушы, 6-сынып- 14 оқушы. Олимпиада қорытындысы  бойынша 5-сыныпта 3 оқушы, 6 сыныптан 3 оқушы қатарынан  оза шауып қалалық  кезеңге жолдама алды.

whatsapp-image-2024-10-27-at-21_01_57   whatsapp-image-2024-10-27-at-21_01_57-1  whatsapp-image-2024-10-27-at-21_01_58-1   whatsapp-image-2024-10-27-at-21_01_58

 

 

 

 

2024 жылдың 03 қазан күні 3-4 сынып оқушыларына  арналған математика пәнінен мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға 3-сыныптан 9 оқушы, 4-сыныптан 16 оқушы. Олимпиада қорытындысы  бойынша 3-сыныпта 3 оқушы, 4 сыныптан 3 оқушы қатарынан  оза шауып қалалық  кезеңге жолдама алды. 

whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_27    whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_27-2

 

Құттықтаймыз!!! 

Мұғалімдер күні мерекесіне орай қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің  жас мамандары арасында "USTAZ QUIZ" интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. 25 білім беру үйымынан жиналған жас мамандармен өзара бақ сынасып,  мектебіміздің жас мамандары 3 орынды иеленді.

whatsapp-image-2024-10-27-at-21_37_04

 

 

Құттықтаймыз!!!
2024 жылдың  қазан айының 8 күні 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ" атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңінде 9-сынып оқушысы Бөкенбаева Райхан "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша II орын, Байманов Мерген "Менің шағын Отанымның тарихы"номинациясы бойынша III орын иеленді. Жетекшісі Айтжанов Орынбасар Қалилаұлы. 

whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_28

 

 

Құттықтаймыз!!! 

 

✍️0-12 қазан күндері аралығында Ақтау қаласында өткен Маңғыстау облыстық мұғалімдер спартакиадасында Жаңаөзен командасы құрамында мектебіміздің мұғалімдері қатысып жүлделі орындарды иеленді.

✍️Абдыкалиев Серік дене шынықтыру пәні мұғалімі волейбол (ерлер) жарысында 3 орын; 🥉

✍️Өтеулиева Айнұр дене шынықтыру пәні мұғалімі волейбол (әйелдер) жарысында 2 орын; 🥈

✍️Хожаниязова Құрбанай информатика пәні мұғалімі жаттықтырушысы Исатаева Алмагул бес асық жарысында 3 орын; 🥉

✍️Жалпы есеп бойынша Жаңаөзен құрама командасы 2 🥈 орынды иеленді.

 

whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_30  whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_30-1    whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_31

 

 

Құттықтаймыз!!!

14-15 қазан күні Жаңаөзен  қаласы білім бөлімінің  ұйымдастыруымен өткен  дене  шынықтыру пәні мұғалімдер арасында "Үздік дене шынықтыру педагогі -2024" сайысында  әріптесіміз Асқар Бақытжан III  орын  иеленді. Биік белестерді бағындыра  беруіңе  тілектеспіз.

whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_29-1
  whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_28-1       whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_29

 

 

16.10.2024 ж 10-11 сыныптарға арналған  республикалық VI "Алтын түлек" математикалық олимпиаданың  мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимпиадаға  16 оқушы қатысты. Қалалық кезеңге 10-сынып бойынша 3 оқушы, 11 сынып  бойынша 3 оқушы жолдама  алды. 

whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_32-1        whatsapp-image-2024-10-27-at-21_08_32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Рейд шаралары”

Оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықбұзылықтың алдын -алу мақсатында мектеп жанынан құрылған “Жігерлендіру” тобы 30 сәуір және 1 мамыр мереке күндері рейдтік шараларды ұйымдастырды. Рейд барысында кәмелетке толмаған тұлғалар анықталмады.

rejd-sharalary-oushylardy-auipsizdigi-men-ybzylyty-aldyn-alu-ma_p27293  

rejd-sharalary-oushylardy-auipsizdigi-men-ybzylyty-aldyn-alu-ma_p53828

 

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 👏👏👏💐💐💐

“Менің Отаныма- менің бастамам” атты шығармашылық жобалар сайысының облыстық кезеңінде “№13 Дарын мектеп-лицейі” КММ-нің 7 “Ә” сынып оқушысы Аманқызы Сағыныш 1-орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды!
Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Кыйзатова Сандуғашқа алғыс айта отырып, республикалық кезеңге сәттілік тілейді.
Мектеп әкімшілігі

 

ttytajmyz-meni-otanyma-meni-bastamam-atty-shyarmashyly-zhobalar_p54057  ttytajmyz-meni-otanyma-meni-bastamam-atty-shyarmashyly-zhobalar_p35634

 

 Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.
Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

memleket-basshysy-jelderdi-ytarymen-balalardy-auipsizdigin-amta_p36009 memleket-basshysy-jelderdi-ytarymen-balalardy-auipsizdigin-amta_p55022 memleket-basshysy-jelderdi-ytarymen-balalardy-auipsizdigin-amta_p25038

memleket-basshysy-jelderdi-ytarymen-balalardy-auipsizdigin-amta_p85894 memleket-basshysy-jelderdi-ytarymen-balalardy-auipsizdigin-amta_p74239 memleket-basshysy-jelderdi-ytarymen-balalardy-auipsizdigin-amta_p98592

memleket-basshysy-jelderdi-ytarymen-balalardy-auipsizdigin-amta_p69926 memleket-basshysy-jelderdi-ytarymen-balalardy-auipsizdigin-amta_p34041 memleket-basshysy-jelderdi-ytarymen-balalardy-auipsizdigin-amta_p24408

 

 

“Құқықбұзушылықтың алдын -алу шаралары”

12 сәуір күні жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын -алу мақсатында мектеп жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері мектеп аумағы мен вокзал станциясының территориясына рейд шараларын

жүргізді. Рейд барысында кәмелетке толмаған тұлғалар анықталмады.

ybzushylyty-aldyn-alu-sharalary12-suir-kni-zhasspirimder-arasyn_p66060 ybzushylyty-aldyn-alu-sharalary12-suir-kni-zhasspirimder-arasyn_p43733 ybzushylyty-aldyn-alu-sharalary12-suir-kni-zhasspirimder-arasyn_p84922

 

“Құқықбұзушылықтың алдын -алу шаралары”


Сәуір айының 11 күні мектеп ұстаздарынан құралған мобильдік топ мүшелерінің ұйымдастыруымен мектеп аумағын және территорияға қатысты көңіл көтеру орталықтары мен ойын орталықтарына рейд

жүргізілді. Рейд барысында белгіленген уақытта кәмелетке толмаған тұлғалар анықталмады. 

ybzushylyty-aldyn-alu-sharalary-suir-ajyny-11-kni-mektep-stazda_p86526 ybzushylyty-aldyn-alu-sharalary-suir-ajyny-11-kni-mektep-stazda_p75676 ybzushylyty-aldyn-alu-sharalary-suir-ajyny-11-kni-mektep-stazda_p21022

 

 

Республикалық “ Таза Қазақстан” экологиялық акциясы


Республикалық акцияның алғашқы аптасы “Таза өлке” деп аталады. Алғашқы жеті күнде елдімекен тұрғындары және қоғам белсенділері мен , ұйымдар мен

кәсіпорын қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды. Осы орайда мектебіміздің кіші қызметкерлері мектеп аумағын тазарту, абаттандыру

шараларын жасады.

respublikaly--taza-azastan-ekologiyaly-aktsiyasy-respublikaly-a_p78552 respublikaly--taza-azastan-ekologiyaly-aktsiyasy-respublikaly-a_p72125 respublikaly--taza-azastan-ekologiyaly-aktsiyasy-respublikaly-a_p54603

 

 

"ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" бағдарламасы

12-інші сәуір 2024ж. күні мектебіміздің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруші Сарсенова Жансая “Жарқын болашақ” бағдарламасындағы оқу мүмкіндіктері

бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаның мақсаты мен мүмкіндіктерін сонымен қоса, еліміздегі бағдарлама бойынша оқытатын оқу орындарының

тізімімен таныстырды.

zharyn-bolasha-badarlamasy12-inshi-suir-2024zh_-kni-mektebimizd_p44733 zharyn-bolasha-badarlamasy12-inshi-suir-2024zh_-kni-mektebimizd_p73598 zharyn-bolasha-badarlamasy12-inshi-suir-2024zh_-kni-mektebimizd_p74031 zharyn-bolasha-badarlamasy12-inshi-suir-2024zh_-kni-mektebimizd_p86320

 

 

Таныстырылған әскери оқу орындары: 

4-інші сәуір күні мектебіміздің 11-сынып оқушыларына АӘД пәнінің мұғалімі Аманқосов Бауыржан мен кәсіби

бағыт-бағдар беруші маман Сарсенова Жансаямен Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу бойынша

түсінік жұмыстары жүргізілді, бейне материалдарымен бөлісті. Таныстырылған әскери оқу орындары: С.

Нұрмағанбетов атындағы әскери колледж, Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледж, Алматыдағы Радиоэлектроника

және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институты, Ақтөбе

қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты. Әскери оқу орындарындағы тегін оқу мүмкіндіктері,

әскери мамандықтары, оқу жүйесі, жатақхана мәселелері туралы мәліметтер берілді.

    4-inshi-suir-kni-mektebimizdi-11-synyp-oushylaryna-ad-pnini-mal_p83645  4-inshi-suir-kni-mektebimizdi-11-synyp-oushylaryna-ad-pnini-mal_p73735

 

 

📚“Тазалық - саулық негізі” қыздар жиналысы

📚Мектеп -лицейімізде қыз балаларға арналған “Тазалық -саулық негізі” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа ЖГП N2 емханасының арнайы мамандары шақырылды. Мақсаты: жеке бас гиниенасы мен оқушы денсаулығындағы бұзылыстардың алдын-алу шараларымен таныстыру

tazaly-sauly-negizi-yzdar-zhinalysy-mektep-litsejimizde-yz-bala_p79197 tazaly-sauly-negizi-yzdar-zhinalysy-mektep-litsejimizde-yz-bala_p57318 tazaly-sauly-negizi-yzdar-zhinalysy-mektep-litsejimizde-yz-bala_p45269

      

 

📚“Баланың бас ұстазы - ата -ана” ата-аналар жиналысы

📚Көктемгі демалыс кезінде мектебімізде ата-аналар жиналысы болып өтті! Мақсаты: ата -ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзара

туындайтын мәселелердің оң шешімін табу. 

Жиналыс президиумы:

- 3 тоқсанның қорытындысы

-Жасөспірімдердің денсаулығы және қауіпсіздігі

- Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі мінез өзгерістерінің оң шешімін табу

Сынып жетекшілері Блахаева Мөлдір және Майланова Жансая

balany-bas-stazy-ata-ana-ata-analar-zhinalysy-kktemgi-demalys-k_p16250  balany-bas-stazy-ata-ana-ata-analar-zhinalysy-kktemgi-demalys-k_p35272  balany-bas-stazy-ata-ana-ata-analar-zhinalysy-kktemgi-demalys-k_p20465  balany-bas-stazy-ata-ana-ata-analar-zhinalysy-kktemgi-demalys-k_p11371

 

 

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында құтқару қызметінің біріңғай нөмірі “101” және “112” нөмірлері енгізілген.

Дер кезінде өртке қарсы немесе басқа да оқыс жағдай орын алған жағдайда аталған нөмірге телефон шалу - көптеген азаматтардың өмірін және мүлкін құтқаруға жол ашады. Өкінішке орай бүгінгі күні балалардың қызық немесе ойын үшін шұғыл нөмірлерге телефон шалуы жазаланатын іс-әрекет екенін назарда ұстаған жөн. Мамандандырылған қызметті “әдейі” немесе “жалған” шақырған жағдайда заң бойынша мемлекет алдында әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылатыны жөнінде оқушыларға түсінік жұмысы жүргізілді.

azastan-respublikasyny-bkil-aumaynda-taru-yzmetini-biriaj-nmiri_p64366

 

 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.

2023 жылдың 02 қараша күні Ақтау қаласы Ф. Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектебінде ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Облыстық кезеңге қалалық кезеңнен топ жарып шыққан 4 жоба қатысты. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 2 жоба жеңімпаз атанды.

І орын иегері:
Химия секциясы
Өмірзақ Айгерім №13 Дарын мектеп-лицейі
Жетекшісі: Майланова Жаннұр

ІІІ орын иегерлері:
Тарих секциясы
Келамадин Лаура, Андрейұлы Ринат №13 Дарын мектеп-лицейі
Жетекшісі: Кыйзатова Сандуғаш

Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы белестерге сәттілік тілейміз! 

 whatsapp-image-2023-11-16-at-16_19_46-1   whatsapp-image-2023-11-16-at-16_19_46-2  whatsapp-image-2023-11-16-at-16_19_46-3

whatsapp-image-2023-11-16-at-16_19_45  whatsapp-image-2023-11-16-at-16_19_46

 

 

 МЕКТЕП АСХАНАСЫ

whatsapp-image-2023-11-09-at-22_01_49-1 whatsapp-image-2023-11-09-at-22_01_49 whatsapp-image-2023-11-09-at-22_01_50

                                                                                                                      whatsapp-image-2023-11-09-at-22_01_49-2 whatsapp-image-2023-11-09-at-22_01_50-1

 

 

"Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы"

Биыл қазақ халқының біртуар перзенті, Алаш қайраткері, ақын, публицист Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толды. Осыған орай, мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары
ЖАЛПЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ жазуға қатысты. 

  whatsapp-image-2023-10-27-at-16_16_44-1 whatsapp-image-2023-10-27-at-16_16_44 whatsapp-image-2023-10-27-at-16_16_43 whatsapp-image-2023-10-27-at-16_16_45

 
 
 
 
 
 
АЛТЫН САҚА
Республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға 3-4 сынып оқушылары қатысты.
I, II, III орынға ие болған оқушылар арнайы дипломдармен мараппатталды. 
4-сыныптар бойынша:
1. Искак Ернар 4Ә
2. Сайын Алан 4Б
3. Бекболат Нұрсұлтан 4Б

3-сыныптар бойынша:
1. Еламан Айару 3А
2. Нұр Жанарыс 3Ә
3. Дузбай Ділдә 3Б
Олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!
      
                                          whatsapp-image-2023-10-27-at-15_59_12-2 whatsapp-image-2023-10-27-at-15_59_12 whatsapp-image-2023-10-27-at-15_59_12-1
 
 
 
 
 Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді.
Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы – аталған оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым.
Орталықтың ресми сайты – BMSO.EDU.KZ
Ал білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтың PDF нұсқасы тек ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Яғни қолданыстағы барлық 1-11 сынып оқулықтарын аталған ресми сайттан тегін жүктеп алуға болады!
Алайда кейбір ұстаздар мен оқушылар OKULYK.KZ сайтындағы оқулықтарды оқу процесінде пайдаланғаны белгілі болды.
Құрметті ұстаздар және оқушылар!
OKULYK.KZ – Оқу-ағарту министрлігімен байланысы жоқ, жеке меншік сайт. Сондай-ақ аталған сайтта мемлекеттік сараптамадан өтпеген оқулықтар да кездеседі. Сол себепті мұқият болуға шақырамыз!
Тексерілген, ресми ақпараттар тек Оқу-ағарту министрлігінің және BMSO.EDU.KZ сайтында!
_

Вниманию педагогов, учащихся и родителей!
Как известно, ежегодно Министерством просвещения РК утверждается перечень учебников, разрешенных к использованию в организациях дошкольного и среднего образования.
Республиканский центр экспертизы содержания образования – единственная организация, занимающаяся государственной экспертизой данных учебников. Официальный сайт центра – BMSO.EDU.KZ
А PDF-версия учебников, рекомендованных для использования в организациях образования, размещена только на официальном сайте Министерства просвещения.
То есть все действующие учебники 1-11 классов можно скачать бесплатно с этого сайта!
Однако стало известно, что некоторые педагоги и ученики в учебном процессе использовали учебники, которые были опубликованы на сайте OKULYK.KZ.
Уважаемые педагоги и ученики!
OKULYK.KZ – частный сайт, не связанный с Министерством просвещения. Также на данном сайте есть учебники, не прошедшие государственную экспертизу.
Поэтому призываем быть внимательными!
Проверенная, официальная информация только на сайте Министерства просвещения и BMSO.EDU.KZ!
whatsapp-image-2023-10-27-at-16_38_38
 
 
 
 
Қауіпсіз мектеп - қауіпсіз орта
Бүгін 26.09.2023 ж. күні 7-11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді.
Қаралған мәселелер:
1) Жол қозғалысының қауіпсіздігі
/Жаңаөзен қаласы ПБ ЖПҚб ЮПТ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Жоламан Гулнұр Айтжанқызы, мектеп инспекторы
2) "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы"
Әкімшілік полиция бөлімінің басшысы
полиция майоры
Нұрбаев Аян Мәлікұлы
3) "Зорлық-зомбылықтың алдын алу"
/Мектептің педагог-психологы Кольбаева Жанар Сәрсембиевна/
Мектеп әкімшілігі.
       whatsapp-image-2023-10-27-at-16_39_24  whatsapp-image-2023-10-27-at-16_39_24-1  whatsapp-image-2023-10-27-at-16_39_23-1       

whatsapp-image-2023-10-27-at-16_39_23-2    
  
 
 
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Шамурадова Кульчот Сулейменовна білім саласындағы еңбек өтілі –31 жыл. Білімі жоғары, Ақтөбе қаласындағы “Дүние” университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагог – зерттеуші санатты,бастауыш сынып мұғалімі. Шамурадова Кульчот Сулейменовна 1992 –1996ж.ж. Мұнайлы ауданындағы №86 орта мектепте, 1999 – 2014ж.ж. №12 бастауыш мектепте, 2014-2017ж.ж. №8 орта мектепте, 2017-2019 ж.ж. Каспий зияткерлік мектеп-бақша жекеменшік мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасаған. 2019 жылдан бастап «№13 Дарын» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Кульчот өз пәнін жетік меңгерген,жаңашыл,сабақ барысында әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушы бойына білім нәрін сусындата білген ұстаз. 2018-2019 оқу жылында қала әкімінің Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай қаланың дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін “Жаңаөзен қаласына 50 жыл” мерекелік медалімен марапатталды. 2019-2020 оқу жылында ұстаз республикалық КИО бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасынан қазан айында облыстан – III орын, аудан бойынша –IIIорын, ал ақпан айында облыс бойынша –III орын, аудан бойынша –I орынға иеленді. 2019-2020 оқу жылында 7 оқушысы республикалық КИО “Жас білімпаз” олимпиадасына қатысып, оның 5-еуі жүлделі орындарға ие болды: Кубейсин Ақерке – республикадан III дәрежелі диплом, облыстан III орын, аудан бойынша I орын, Ерғали Бақдаулет пен Тұрғали Нұрәділ аудан бойынша II орын, Айдаралы Бейбіт пен Жаңбырбай Жаннұр аудан бойынша III орын иеленді. 2019 – 2020 оқу жылында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Елбасы бастамасы негізінде ұйымдастырылған республикалық “Өз жеріңді танып біл” байқауында оқушысы Тұрғали Нұрәділ II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 – 2020 оқу жылында “Тәуелсіз ел жастары” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай “Әлем таныған Абай” жобасы аясында мектеп оқушылары арасында өткен Абай Құнанбайұлының “Қыс” атты өлеңін мәнерлеп оқудан республикалық байқаудан оқушылары Тоқмет Алина мен Аллаяр Әмина I дәрежелі дипломға ие болып, ұстаздың өзі “дарынды шәкірт” дайындағаны үшін алғыс хатына ие болды. Ұстаздың “Отбасы махаббаты неде?” атты ата – аналарға арналған тренинг сабағы “Педагог хабаршысы” журналының №59 номерінде жарияланып, үздік жұмыс дипломын жеңіп алды. 2019 – 2020 оқу жылында Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған “Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс – тәсілдер” атты ғылыми – тәжірибелік конференцисына қатысып, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін дипломымен марапатталды. Осы орталықтың “Абай дана – Абай дара қазақта!” атты педагогтар арасында өткен республикалық байқауына “Үздік сабақ жоспары” номинациясы бойынша II орын иеленді. 2019 – 2020 оқу жылында “Шебер педагог –2020” атты шығармашылық байқауына “Үздік ашық сабақ” номинациясы бойынша қатысып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 – 2020 оқу жылында I республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасында III дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларының терең де тиянақты білім алуына назар аударатын ұстаздың басты міндеті-өз ісін тиянақты атқарып, шәкірттердің білімін арттыру.Осы мақсатта оқушыларын жан-жақты дамытып,сайыстарға қатыстырып,ұстаз еңбегі еленуде. (2020 жыл) Қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен, (2020 жыл) Қалалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталған. 
whatsapp-image-2023-10-27-at-16_39_55
 
 
 
 
 ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Ізбасарова Айгерім Сәрсенбайқызы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 Дарын мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келуде. Жалпы жұмыс өтілі - 8 жыл. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі –4 жыл. Санаты педагог-сарапшы. Айгерім Сәрсенбайқызы 1994 жылы Мангыстау облысында дүниеге келген. Білімі-жоғары, 2015-2019 жылдар аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша аяқтаған. Ұстаз білім беру жүйесінде өзіндік тұлғасын танытқан , оқушымен жұмыс жасау әдістерін жан-жақты меңгерген білікті маман. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Айгерімнің еңбегі ерекше. Осы еңбегінің арқасында Айгерімнің оқушылары қалалық, облыстық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып жүр. Мұхамбет Қайсар 4 «Б» сынып оқушысы 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінен ІІ орын, облыстық кезеңнен ІҮ орын, «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінен ІІІ орын. Садуахас Ағзам 4 «Б» сынып оқушысы 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінен ІІ орын, облыстық кезеңнен ІҮ орын. Сарсенбай Данияр 4 «Б» сынып оқушысы Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңінде ІІІ орынға ие болған. Ізбасарова Айгерім Сәрсенбайқызы ізденісін тоқтатпаған, үнемі білу, үйрену үдерісінде жүретін жаңашыл, заманауи, әрі білікті ұстаз. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, адамгершілігі мол, ұстамды. Білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жылдар талмай-қажымай еңбек етіп, біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.
 whatsapp-image-2023-10-27-at-16_40_32
 
 
 
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Абылгазыева Алуаш Калмаковна - білім саласындағы еңбек жолы – 33 жыл. Білімі-жоғары, Түркмен мемлекеттік тілдер мен әдебиеті институтын 1995 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. 2016 жылдан бастап "Дарын" мектеп-лицейінде мектеп директорының оқу-ісі меңгеруші жұмысы бойынша орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі таңда педагог-зерттеуші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Алуаш Калмаковна өз пәнін жетік меңгерген, шығармашыл, жаңашыл сабақ барысында оқушыларды проблемалық сұрақтар, интерактивті әдістерді қолдану арқылы дұрыс ойлай білуге баулиды. 2017 жылы «Критериальное оценивание как фактор развития функциональной грамотности учащихся на уроках русского языка и литература в условиях обновления содержания образования» және «Русский язык и литература в рамках обновления содержания среднего образования РК» тақырыптарында курстарынан өтті. Ізденімпаз ұстаздың оқушылары пәндік олимпиада, танымдық байқаулар, ғылыми жоба байқауларынан жүлделі орындарға ие болуда. 2016 жылы "Республикалық NIO.KZ сайтының ұйымдастырған олимпиадасына 20 оқушысы қатысып барлығы 1 орынды иеленді. 2017 жылы қалалық 7 - сыныптар арасында өткен қалалық «Живая классика» конкурсында оқушысы Бекеш Акбаян І орын иегері. 2018 жылы қалалық 7 - сыныптар арасында өткен қалалық «Живая классика» конкурсында оқушысы Умирбекова Аяулым І орын иегері. 2019 жылы қалалық пәндік олимпиадада оқушысы Идрис Камила І орынды иеленді. 2019 жылы қалалық «Живая классика» сайысында оқушысы Идрис Камила ІІ орынды иеленді.
2013 жылы "Новые подходы к новым технологиям" тақырыбында қалалық семинар өткізді. 2014 жылы "қазақстаным, саған арналады!" тақырыбында өткен қалалық байқауда ІІ орынға ие болды. Ресейлік 2015 жылы ProШколу.ru интернет порталының ұйымдастырған жобасына қатысып "Грамотаға" ие болды 2015 жылы "45 minut.kz" сайтынан шығармашылығы үшін "Грамотаға" ие болды. 2015 жылы республикалық шығармашыл педагогтер одағының "Алғыс хатына ие болды. 2016 жылы "Развитие творческих способностей учащихся на уроках русской литературы" тақырыбында қалалық семинар өткізді. 2016 жылы "Тіл сарбазы" қалалық байқауына қатысып ІІ орынға ие болды. 2016 жылыNIO.KZ сайтының "Алғыс хатына" ие болды. 2018 жылы қалалық білім бөлімінің «Алғысына» , 2018 жылы қала әкімінің «Құрмет горамотасына» ие болды. 2020 жылы мұғалімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық виртуалды олимпиадасында І-дәрежелі дипломымен марапатталды. 2020 жылы «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының І-дәрежелі дипломымен марапатталды. 2022 жылы Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің Құрмет горамотасымен марапатталған. Абылгазыева Алуаш Калмаковна -ізденісін тоқтатпаған, үнемі білу, үйрену үдерісінде жүретін жаңашыл, заманауи, тәжірибелі әрі білікті маман. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, адамгершілігі мол, ұстамды тұлға. Ол білікті маман , ұлағатты ұстаз ғана емес, отбасында аяулы ана, асыл әже. Білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жылдар талмай-қажымай еңбек етіп, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол. 
 whatsapp-image-2023-10-27-at-16_40_51
 
 
 
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Исатаева Алмагуль Макишовна – педагогикалық еңбек өтілі 17 жыл, «№13 Дарын мектеп- лицейі» КММ 2016 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасап келеді. Білімі жоғары , педагог-зерттеуші санаты бар маман. 2019 ж. «Өрлеу» ұлттық біліктілік арттыру орталығы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық орта білім мазмұнын жаңғырту аясында курстан өтіп,жаңаша оқыту тәсілдерін меңгеру арқылы қалалық мектептерге семинарларға қатысты. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқытудың ең үздік технологияларын сабақ үрдісіне тиімді енгізіп, дұрыс қолдана білуде. Алған білімін өмірде қолдана алатындай білімді де белсенді жеке тұлға қалыптастыру үшін жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, әрбір сабақты жаңаша өткізуді өзінің басты міндеті деп санайды. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр-сырын таба білетін мұғалім. Өз білімін көтеру барысында үлгілі шәкірттер өсіп шықты. 2019 ж. Республикалық «Педагогилық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңінде «Орта білімді оқытудағы замауи технологиялар» аталымы бойынша бейнесабақтан ІІ орын, Республикаға жолдама, Ақтау қаласы. 2019 ж. Республикалық «Европа-Азия» фестивалінде тоғызқұмалақтан ІІІ орын, Орал қаласы. 2019 ж. «Алғыс» Маңғыстау облыстық тоғызқұмалақ федерациясы директоры Г.К.Жакиевадан, Ақтау қаласы. 2019 жылы Тоғызқұмалақ ойындарынан «бестемше, мангала» Маңғыстау облысының «Каспий кубогы» ашық турнирінде ерлер мен әйелдер арасында «Тоғызқұмалақ» жарысында І орын, Ақтау қаласы. 2019 жылы Президенттік сынақ нормативтерін тапсыру бойынша ХІІ жарысының 40-49 жас ерекшелігінде ІІ орын, Ақтау қаласы. 2019 жылы республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының облыстық кезеңінде «Орта білімді оқытудағы заманауи технологиялар» аталымы бойынша ІІ орын, Ақтау қаласы. 2020 жылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған педагогика бойынша республикалық қашықтық олимпиадасынды ІІІ орын. 2020 жылы республикалық дене шынықтыру пәнінен ұстаздар арасында қашықтық олимпиадасында ІІ орын. 2020 жылы «Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы» қащықтық Блиц турнирінде ІІ орын 2020 жылы І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында ІІІ орын. 2020 жылы «Ұлы даланың ұлы тұлғасы Абай» атты республикалық қашықтық олимпиадасында І орын.2020-2021оқу жылы Қалалық үстел теннисі жарысында командалық ІІ орын және жекелей ойында І орын. Исатаева Алмагуль Макишовна жұмысына тиянақты, еңбекқор,жауапкершілігі мол, шығармашыл, ата-аналармен тез тіл табысатын, өзіне баурай алатын бойында қасиет дарыған маман. Ол қалалық, облыстық сайыстарға қатысып жүрген ізденімпаз ұстаз. Оқушы шығармашылығын дамыту мақсатында оқушыларды әртүрлі байқауларға, интеллектуалды сайыстарға қатыстыру арқылы ізденіске баули отырып, оқушы шығармашылығын дамытып, білімге құштарлығын арттырды.
 whatsapp-image-2023-10-27-at-16_41_24
 
 
 
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Джанетова Акмарал Мухановна білім саласындағы еңбек жолы – 21 жыл. Білімі-жоғары, Орталық Азия университетін педагог-психолог мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылдың ақпан айынан бастап 2018 жылға дейін Жаңаөзен қалалық білім үйлестіру орталығында әдіскер қызметін атқарды. 2018 жылдың қараша айынан бастап «№13 Дарын» мектеп-лицейінің директордың бейін жөніндегі орынбасары. Алғыстар мен марапаттар: «Дарын» мектеп-лицейі» Алғыс хат /2019 жыл/, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасы/2020 жыл/, Маңғыстау облысы Білім басқармасының «Құрмет грамотасы» /2021 жылы, Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының Алғысы. «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми –әдістемелік орталығы Республикалық қашықтықтан өткізілген олимпиадаға қатысып қатысып, ІІІ дәрежелі дипломен марапатталған. 2020 жылы Республикалық «Өзін-өзі тану» олимпиадасының қалалық кезеңі бойынша Аразмұхаммед Жұлдыз І дәрежелі диплом. Осы аталған олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом. 2021-2022 оқу жылында Кувандыққызы Құралай жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі ІІІ орын. 2021-2022 оқу жылында Республикалық КИО “Жас білімпаз” олимпиадасына қатысып, барлығы жүлделі орындарға ие болды: Берекет Жолдыбай ІІІ дәрежелі диплом, Жансая Дарыбаева ІІІ дәрежелі диплом, Айкөркем Ихсан ІІІ дәрежелі диплом.
Ұстаздың республикалық – әдістемелік «Үздік ұстаз» журналының №2 санында «Кешірімділік көңіл кеңдігі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. 2019 жылы республикалық «Зияткерлік қоғам» журналының 3 номерінде «Өнеге отбасынан» мақаласы жарияланды. Джанетова Акмарал Мухановна - мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол аяулы, асыл әже. Ол заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.
whatsapp-image-2023-10-27-at-16_41_45