2024 жылдың 02 қазанында ғылыми-әдістемелік жоспарға сәйкес "Замануи оқыту әдістері: интерактивті тәсілдер мен технологияларды қолдану" тақырыбында мектепішілік семинар болып өтті. Семинар мақсаты: мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында замануи әдістер мен технологияларға негізделген тәжірибелермен бөлісу.
Педагогтарды аттестаттау қағидалары мен шарттары
2024 жылдың 05 наурызында "№13 Дарын мектеп-лицейі" КММ директордың бейін жөніндегі орынбасары Джанетова Акмарал Мухановна “Педагогтарды аттестаттау қағидалары мен шарттары” туралы бұйрық жобасымен таныстырып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Отырысқа 54 педагог қатысып талқыланды және өз ұсыныстарын ортаға салды.
Мектеп әкімшілігі
Құқықбұзушылықтың алдын-алу
Мектебімізде мереке қарсаңында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында 7-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Мерекелік күндерде жиындардың ұйымдастырылмауы, сонымен қатар беймезгіл уақытта ата-ананың бақылауынсыз көшеде жүруге болмайтындығы қатаң ескертілді.
Ұйымдастырушы: мектеп инспекторы Жоламан Гүлнұр
Тәжірибелік семинар
03 қараша күні "№13 Дарын мектеп лицейі" КММ-де “Тірек мектебі-магнитті мектептер” кешені үшін қалалық семинар ұйымдастырылды. Мектебіміздің мұғалімдері
Ибраева Гұлнұр Күмісқалиқызы “Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері” тақырыбында шебер-сынып өткізсе, Базарбаева Айнұр Қонақбайқызы “Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы” тақырыбында ашық сабақ өткізіп қаламыздағы Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп пен №24 лицей мектебінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасты.
Ибраева Гұлнұр
Гұлнұр ұстаз ұшқыр ойлы ақылменен,
Компьютерді меңгертер жас буынға.
Шәкірттерін жетістікке жетелейтін,
Қанықтырып әлемдік ақпаратқа.
Базарбаева Айнұр
Салауатты өмір салтын ұстандырған,
Жас болса да талапты Айнұр маман.
Түрлі әдіспен өткізіп семинарын,
Бар мақтауды естіген ұстаздардан.
Мектеп әкімшілігі тірек мектептерге алғысын білдіре отырып, шығармашылық жұмыстың одан әрі жалғасын табатындығын білдірді.