oC

3b59ff874d0f4a9d87aab7602e3f1e11_1648721239

ҚҰРМЕТТІ, АТА-АНАЛАР!

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
         ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.

1-сыныпқа осы жылы 6 жастағы және 6 жасқа толатын  балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
  • 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
  • 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
  • қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).

 Ата-ана алдын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы өтінішті үй жағдайында немесе мектепте орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.

Мекен-жайы: Вокзал станциясы, Құрылыс 8Б